Главная

Банк туралы

Қазақстан ТұранӘлем Банкі / Бас офис

Бүгінгі БТА Банкі

  • 1,2 млн-ға жуық жеке және 132 мың корпоративті клиенттер;
  • Қазақстан бойынша 22 филиалдық желілер мен 231 бөлімшелер;
  • Украинада, Ресейде, БАӘ және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
  • БТА-ның банк желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға және Түркияға тарайды.

БТА Банкі Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің бірі болып табылғандықтан, оның негізгі акционері – 75,1 пайыз топтамасы бар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып отыр.

2009 жылдың 2 ақпанында ҚР Үкіметі еліміздегі жүйе құраушы «БТА Банкі» АҚ-тың акциялары бақылау пакетін ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Сатып алу банктің қарапайым акцияларын шығару арқылы жүзеге асты. Шыққан барлық акциялардың барлық көлемін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сатып алды.

БТА Банктің акционерлік капиталына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ енгеннен кейін оның қаржылық және инвестициялық стратегиясы өзгеріп кетті. БТА Қазақстанда сенімді рентабельді жобаларды инвестициялау мен корпоративті және бөлшектік клиенттерге сапалы қызмет көрсету сапасын көтере отырып, шетелдік жобаларды кредиттеуді тоқтатты.

Нақты экономика секторын ҚР Үкіметінің қолдауы негізінде бірқатар тұрақты жобалар бекітілді:

  1. Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру;
  2. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыру;
  3. Ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру;
  4. Тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру.

ШОБ субъектілерін қаржыландыру

Банк шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша 51 млрд. теңге қаражат игерді. Бұл қаражат 4 транштық кезең бойынша игерілді:

  • Қазына-І – 9,9 млрд теңге;
  • Қазына-ІІ – мемлекеттік қаражат 5 млрд теңге және БТА-ның меншіктік қаражаты 5 млрд теңгені құрайды;
  • Қазына-ІІІ – 22 млрд теңге;
  • «Даму-Өндіріс»-тің 2010 жылдың 25 мамырында игерілген сома мөлшері 9,1 млрд. теңгені құрады.

«Даму-Өндіріс» төртінші траншының аясында бөлінген қаражат төменде көрсетілген экономика секторларымен айналысатын ШОБ субъектілеріне бағытталды.

  • Өнеркәсіп – 48%;
  • Ауыл шаруашылығы – 2%;
  • Сауда – 32%;
  • Құрылыс – 8%;
  • Басқа да қызметтер – 10%.

Сонымен қатар «Даму-Аймақ» бағдарламасы бойынша 6,7 млрд теңге қаражат игерілді.

Қазіргі уақытта БТА Банкі «Даму-Аймақ-2» мемлекеттік және жергілікті атқарушы мүшелерінің бағдарламаларына қатысуды жоспарлап отыр.

Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыру

БТА Банкі негізгі және айналымдағы қаражатты толықтыруға байланысты Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды жабдықтау лизингі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасына қатысты. Мемлекеттік комиссиялық мәжілістің шешімі бойынша аталмыш бағдарламаға бөлінген жалпы мемлекеттік қаражаттан Қазақстанның 12 аймағынан – 476 жоба, 478,1 млн. теңге немесе 9,6% қаржыландыру құқығын алды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу

БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама Қазақстан экономикасының жобаларының пайыздық ставкасы 12% аспайтын артықшылықтарды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге бағытталған. Бағдарлама міндеттері жаңа кәсіпкерлік секторды қалыпқа келтіру, бизнес-бастаманы, экспорттық-болжамдық өндірісті қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асады. Соның нәтижесінде бірінші және екінші бағыт бойынша қаржыландыру көлемі бес пайызды, ал үшінші бағыт бойынша сегіз пайызды құрайды. Қазір аталмыш бағдарлама аясында Банк клиенттердің өтінішін қабылдап жатыр. Бағдарлама бойынша қазіргі уақытта лимитті игеру белгіленген жоқ.

Байқау гранттарының жүйесі

2007 жылдан бастап БТА Банкі Әлемдік Банкпен бірлесе отырып жүзеге асатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің «байқау гранттарының жүйесі» атты бағдарламаға қатысады. 2009 жыл бойынша БТА Банкі арқылы қаржыланған грант сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.

Ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру

БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруда 10 300 қарызгермен келісімшартты қайта жасау кезінде 37 млрд теңгеден аса сома игерді.

Банк секторындағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан БТА-ның үлесі – 37 млрд. теңге немесе 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының қарызгерлері көп белсенділік танытты.

Астана және Алматы қаласы бойынша құрылыс бастамаларын аяқтауды қаржыландыру

Бағдарлама аясында банк шотына төменде аталынған жобалар бойынша 20,4 млрд теңге қаражат бөлінді:

  • «Гранд Астана» ТК, Астана қ. – 13 538 млн теңге;
  • «Сәтті» ТК, «Отандастар» ТК, Астана қ. – 1 677 млн теңге;
  • «Тау Самалы» ТК, Алматы қ. – 4 573 млн теңге.

Қазіргі уақытта 20,4 млрд теңге сома мөлшерінен 19,8 млрд теңге қамтылыды.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру

ҚР мемлекеттік «Даму-Өндіріс» өндіруші өнеркәсіп саласында кәсіпкер субъектілерін кредиттеу бағдарламасының аясында 2009 жылдың қазаны мен 2010 жылдың мамыры аралығында корпоративті бизнес кәсіпорындарын қаржыландыруда 1,6 млрд. теңге жұмсалды.

Ержан Тәтішев қоры

«Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық қоры 2005 жылдың 10 ақпанында «БТА Банкі» АҚ топ-менеджерлерінің ықыласымен тіркелген болатын.

Қор қоғамдық, мемлекеттік емес, табыс таппайтын ұйым болып табылады. Қордың мақсаты – дарынды әрі талапты жастарға әлемдік және қазақстандық академиялық білім ордаларында грант пен стипендияға білім алуларына жағдай жасайды, сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен енгізу, қаржы-экономикалық және басқа да экономикалық жобаларды жүзеге асыру, коммерцилық емес ұйымдарға қаржылай техникалық көмек көрсету, халық арасындағы көмек қажет ететін, аз қамтамасыз етілетін топтарға көмектесу. Қордың барлық ауқымды шаралары Қазақстан аумағы мен басқа елдерде қордың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын Қамқоршы кеңесі арқылы жүзеге асады.

Казахстан БТА Банк / Ержан Тәтішев қоры