Инвесторларға
Бүгінгі күні БТА жұмысының негізгі бағыттары:
- берешекті қайта құрылымдау және банк қарызгерлері бойынша талап ету құқықтарынан ақшалай ағымын алу;
- инвестициялық жобаларды аяқтау және құнды барынша арттыру мақсатында қаржыландыруға дейін қарызгерлердің активтерін алу;
- сотқа дейін реттеу;
- сауда-саттық жүргізу арқылы кепілдегі мүліктерді соттан тыс және сотпен сату;
- атаулы сату арқылы кепілге салынған және алынған мүлікті сату;
- қарызгерлерден, ортақ қарызгерлерден, кепілгерлерден, кепіл берушілерден берешекті сотпен өндіріп алу;
- талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беру;
- өндіріп алу бойынша жұмыстардың ауторсингі.
26.11.2019
Шектеусіз инвесторлар арасында
«БТА Банкі» АҚ орналастырылуға арналған жай акцияларын сатып алу бойынша ұсыныс
Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - «Қоғам») жазылу арқылы Қоғамның жай акцияларын (ISIN KZ000A0KFFC1) шектеусіз инвесторлар арасында орналастыру басталғандығын (сатылатындығын) хабарлайды.
Инвестор келесілерді көрсетумен орналастырылатын (өткізетін) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім беретін пошталық мекенжайы:
Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес онымен орналастырылатын (өткізетін)бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша қоғам акционерлерімен әрбір осындай пошта мекенжайлары бойынша өзара әрекет ететін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), байланыс деректемелері:
050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал-2 ықшам ауданы, №97-үй;
Қоғам акционерлерімен өзара әрекет ететін тұлға - «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы Смагулова Алия Тулегеновна, тел.: +7 (727) 2505434.
Инвесторлар өтінімдерді оны табыс ету хабарламамен тапсырыс хатты жібереді немесе Қоғам мекенжайына тікелей жеке табыс етеді. Инвестор немесе оның уәкілетті өкілі жеке табыс еткен жағдайда, өтінім екі данада жасалады және өтінімнің екінші данасында алған күн мен уақыт, оны алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген оны алу туралы белгі жасалады.
Инвестордың өтініміне келесі құжаттар қоса тіркелуі керек:
1) жеке тұлға үшін:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- инвестор өкілі өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі - өтінімге инвестор қол қойған кезде;
- жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі немесе инвестор некеге тұрмағандығы туралы өтініш.
2) заңды тұлға үшін:
- өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденттері үшін - нотариалды куәландырылған көшірмелері:
Жарғы;
Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар үшін - заңдастырылған / апостильдендірілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
• құрылтай құжаттар;
• сауда тізілімінен немесе заңды тұлға ретінде тіркелгендігін растайтын басқа құжат.
Қоғамның талабы бойынша Қоғамның акцияларын сату жөніндегі мәмілені дұрыс ресімдеу үшін Қоғамнан талап етілетін басқа құжаттар.
Әрбір инвестор акцияларды сатып алуға қажетті рұқсат алу, мақұлдау және өзге әрекеттерді өз уақытында орындау үшін, сонымен қатар депозитарий, банк-кастодиан, өзге номиналды ұстаушы қызметтерін қоса алғанда, кез келген комиссияларды, алымдарды және салықтарды төлеу үшін дербес жауап береді.
Қоғам акцияларын сатып алуға ниетті инвесторлардың Өтінімдерін Қоғаммен орындау орналастырылған акция мөлшері шегінде күнтізбелік кезектілікпен жүзеге асырылады (олардың түсу және Қоғам кеңсесімен тіркеу тәртібімен). Инвесторлардың бірнеше Өтінімдері бір жұмыс күнінде түскен жағдайда, бұрын түскен Өтінім ретінде Қоғамның жұмыс уақыты ішінде бұрын уақыттық қатынаста (түсу және тіркеу сағаты және минута) Қоғам кеңсесіне түскен және тіркелген Өтінім саналады.
Заявка - zayavka_priobret_akcij_kz.docx
25.10.2019
Акционерлерге олардың басымдықпен сатып алу құқықтарына сәйкес орналастырылған акцияларды сатып алу туралы «БТА Банкі» АҚ ұсынысы
Осы арқылы «БТА Бані» АҚ (әрі қарай - «Қоғам») өзінің акционерлеріне, Қоғамның Директорлар кеңесі 2019 жылғы «24» қазанда Қоғамның 2 500 000 000 000 (екі триллион бес жүз миллиард) жай акцияларын орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының (әрі қарай - «АҚ туралы Заң») 16-бабының талаптарына сәйкес өзінің акционерлеріне өздерінің басымдықпен сатып алу құқықтарын пайдалану мақсатында Қоғамның орналастырылған (өткізетін) акцияларын сатып алуды ұсынады.
Орналастырылатын (өткізетін) акциялар туралы ақпарат:
1) орналастырылатын (өткізетін) бағалы қағаздар саны және түрлері:
2 500 000 000 000 (екі триллион бес жүз миллиард) жай акциялар;
2) орналастырылған (Қоғаммен сатып алған акцияларды алып тастағанда) акциялар санына орналастырылатын (өткізетін) бағалы қағаздар санына олардың түрлері бойынша қатынасы: Қоғамның жалпы орналастырылған акциялар саны 641 496 019 873 (алты жүз қырық бір миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион он тоғыз мың сегіз жүз жетпіс үш) дананы құрайды. Орналастырылған (Қоғаммен сатып алған акцияларды алып тастағанда) акциялар санына орналастырылатын (өткізетін) акциялар санына қатынасы:
611 931 223 882/2 500 000 000 000 = 0,24477249;
Сатып алатын акциялар саны бүтін сан болып табылады. Бұл ретте егер дөңгелектелетін саннан кейінгі бірінші сан 0-ден 4-ке дейін болса, бүтін санды дөңгелектеу өзгермейді, ал егер бірінші сан 5-тен 9-ға дейін болса, бірлікке көбеюмен өзгереді.
3) АҚ туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды төлеу мерзімін көрсетумен орналастыратын (өткізетін) бағалы қағаздарды сатып алу шарттары:
- акционер Қоғамның жай акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарлаған күнінен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн iшiнде акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беру мерзімі (әрі қарай - «Мерзім»);
- әрекетттегі акционерлер өздеріндегі Қоғамның жай акцияларының санына тең мөлшерде Орналастыру бағасы бойынша Мерзім ішінде Қоғамның орналастырылған (өткізетін) жай акцияларын сатып алуға өтінім беруге құқылы;
- басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алытаны акцияларды төлеу акционермен оларды сатып алуға өтінім бергеннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;
- түскен өтінімдерді нақты орындау және басымдықпен сатып алу құқығы бойынша акционерлерге акцияларды беру акционерлер тарапынан акциялардың төлемі жүргізілгеннен кейін және акционермен акцияларды оның «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ немесе номиналды ұстаушыдағы оның шотына акция төлемақысы түскеннен кейін акцияны есептеу туралы бұйрығын ұсыну Қоғаммен жүзеге асырылады;
- акцияларды оларды сатып алуға өтінім бергеннен кейін 30 күндік мерзім өткеннен кейін акцияны төлемеген жағдайда, өтінім жарамсыз болып саналады;
- Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына ие акционерлер тізімі 2019 жылғы 24 қазандағы сағат 00:00 жағдай бойынша Қоғамның бағалы қағаз ұстаушыларының реестрі жүйесінің деректері негізінде қалыптастырылады.
4) осындай шешім қабылдауға құқылы қоғамның уәкілетті органымен белгіленген орналастырылатын (өткізетін) бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу бағасы): бір жай акцияға 0.0008 теңге (әрі қарай - «Орналастыру бағасы»). Орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде Қоғамның жай акцияларын сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірыңғай болып табылады;
5) акционер келесілерді көрсетумен орналастырылатын (өткізетін) бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім беретін пошталық мекенжайы:
Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес онымен орналастырылатын (өткізетін)бағалы қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша қоғам акционерлерімен әрбір осындай пошта мекенжайлары бойынша өзара әрекет ететін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), байланыс деректемелері:
050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал-2 ықшам ауданы, №97-үй;
Қоғам акционерлерімен өзара әрекет ететін тұлға - «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшысы Смагулова Алия Тулегеновна, тел.: +7 (727) 2505434.
Акционерлер өтінімдерді оны табыс ету хабарламамен тапсырыс хатты жібереді немесе Қоғам мекенжайына тікелей жеке табыс етеді. Акционер немесе оның уәкілетті өкілі жеке табыс еткен жағдайда, өтінім екі данада жасалады және өтінімнің екінші данасында алған күн мен уақыт, оны алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген оны алу туралы белгі жасалады.
Согласие супруги - soglasie_suprugi_kz.doc