Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қыркүек | қараша | желтоқсан |
Алматы: ТұранӘлем Банкі кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша кепілдікпен қамсыздандырудың тек 5-ші бөлігін ғана талап етеді
01.12.2005"ТұранӘлем Банкі" АҚ мен “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ (ШКДҚ) бірлесе отырып “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кепілдіктер беру туралы” келісімге қол қойды.
Келісімге қол қою бизнесті дамытудың бастапқы шарттарын айтарлықтай жеңілдетеді. Енді негізгі құралдарын жаңартқысы келген, бірақ жеткілікті кепілдік қамсыздандыруы жоқ кәсіпкер ТӘБ-те немесе оның кез келген 22 филиалының бірінде несие сомасының 80%-на дейінгі мөлшерде ШКДҚ кепілдігі бойынша несие алатын болады. Қарыз алушы соманың қалған бөлігін өз бетінше кепілмен қамтамасыз етеді.
Несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. ТұранӘлем банкі беретін несие сомасы –535 000 АҚШ долларына дейін. Қаржыландыру жаңа істі ашуға да, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауға да бағытталуы мүмкін.
“Екінші деңгейдегі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін несиелерді кепілдендіру” бағдарламасы 2003-2015 жылдарға жасалған елдің индустриялық-инновациялық стратегиясы аясында жасалды.

