Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
ТұранӘлем» банкі Олжас Сүлейменов кітабының украин тілінде жарыққа шығуына демеушілік көрсетті
26.04.2006 / Баспасөз орталығы«ТұранӘлем» Банкі қазақстандық белгілі жазушы, мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменовтің тағы бір туындысының жарыққа шығуына демеушілік көрсетті. Кітаптің украин тілінде жарыққа шығуын Украинадағы және Молдовадағы Қазақстанның елшілігі автордың 70 жылдығы қарсаңына орайластырып, жүзеге асырды.
«Язык письма» кітабының тұсаукесері Украинадағы жазушылар Үйінде өтті. Мерекелік шараға шығармашылық интеллигенция, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Банктің атқарушы директоры Жәмиля Сәрсембаева жаңа еңбектің тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде - «2002 жылы «ТұранӘлем Банкі» қазақстандық қаржылық сектордың Украинамен серіктестікке дайын екендігін көрсете отырып, Киевте өз өкілдігін ашқан алғашқылардың бірі болды. Олжас Сүлейменовтің «Язык письма» туындысының украин тілінде жарыққа шығуы арқылы біз екі мемлекеттің арасындағы іскер байланыстың дамуына ғана әсер етпейтіндігімізді, сондай-ақ, Украина рыногында клиенттерімізге банктің сапалы қызметін ұсынатындығымызды дәлелдедік» - деді.
Сөз соңында ТұранӘлем банкі өкілі жазушыға банктің Visa Gold халықаралық төлем карточкасын сыйға ұсынды.

