Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен CREDIT SUISSE банкі түріктің PETKIM PETROKIMYA химиялық холдингін жекешелендіру жөніндегі мәміленің қаржы кеңесшілері
06.07.2007 / Баспасөз орталығы«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Credit Suisse банкі Petkim Petrokimya Holding A.S химия холдингінің 51 пайыз акциясын сату бойынша өткен аукционда жеңіске жеткен және осы пакет үшін 2 млрд. 50 млн. АҚШ долларын ұсынған TransCentralAsia Petrochemical Holding Consortium консорциумының кеңесшілері.
Сонымен қатар жергілікті нарықтағы аймақтық кеңесші InterConsult Limited компаниясы болмақ.
Аукционды Түркия Республикасының жекешелендіру әкімшілігі өткізді.
TransCentralAsia Petrochemical Holding консорциумы Үштік Диалог Тобының қатысуымен (Troika Dialog Group) (жобада Troika Capital Partners мүддесін қарастырады), «Каспий Мұнай» АҚ (JSC Caspi Neft) және «ЕУРАЗИЯ» Инвестициялық-Өнеркәсіп тобы ААҚ (Investment Industrial Group Eurasia) Түркия аумағындағы ресейлік және қазақстандық инвесторлардың инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін құрылған болатын.
Бұл консорциум Petkim Petrokimya Holding A.S компаниясы акциясының бақылау пакетінің меншік иесі бола отырып, кәсіпорынды жан-жақты дамытуды, атап айтқанда, қазіргі өндірістік қуаттылықты, мұнай айыратын зауытты, энергиямен жабдықтау жүйесін, логистканы жетілдіріп, сондай-ақ жаңа өнімдердің дамуын және компания қызметінің бағыттарын инвестициялауды көздейді.
Консорциум өкілдері аймақ экономикасындағы Petkim Petrokimya Holding A.S. стратегиялық рөлін және осы кәсіпорынды және түрік нарығын дамытуға қатысты ауқымды перспективалары бар екенін де атап өтті.
Консорциум өкілдері өткізілген аукцион нәтижесі Қазақстан, Ресей мен Түркия елдері арасындағы іскерлік қатынастың нығайғанының куәсі болатынына сенімді.

