Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкінің корпоративтік сайты DDOS-шабуылына ұшырады. Сайт жұмысы жақын арада қалпына келтіріледі
07.02.2012Алматы қ., 2012 жылғы 7 ақпан – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») Банктің корпоративтік сайты DDOS-шабуылына ұшырағандығы жайлы хабарлады. Осыған орай, Банк басшылығы қауіпсіздік мақсатында сайт жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады Қазіргі уақытта, Банк мамандары шабуылдарды бейтараптау және сайттың жұмысын толық қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Сонымен бірге, Банк барлық клиенттерге БТА интернет-банкингтің барлық сервистері (мекенжайы: my.bta.kz) қол жетімді екендігін және қалыпты режимде жұмыс істейтіндігін хабардар етеді: пайдаланушылар қаражаттарды еркін аудару және алу, төлемдер жүргізу сияқты операцияларды орындай алады.
БТА Банкі сайттың басқа тарауларынан ақпаратқа қол жеткізуге байланысты туындаған проблемалар үшін кешірім сұрайды. Жақын арада, сайттың жұмысы қалпына келтіріледі.
БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 312 24 26, 312 43 22, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz