Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкі жаңа келісім аясында үлестік қатысу шарттарымен тұрғын үйді сатып алуға кредит ұсынады
16.02.2012Алматы қ., 2012 жылғы 16 ақпан – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ және «Капстройгрупп» ЖШС Ынтымақтастық туралы келесімге қол қойды. Келісім аясында Банк «Капстройгрупп» ЖШС құрылысшы – компаниямен Алматы облысының Өтеген батыр кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру құрылысына үлестік қатысу бойынша жеке тұлғаларға кредиттер ұсынады. Заемшылар үшін Келісім шарттармен сатып алынатын пәтердің толық құнының 15% кем емес мөлшерде бастапқы жарнаны енгізу қарастырылған. Кредит бойынша сыйақы ставкасының мөлшері – 12,5 % басталады (жылдық тиімді ставка – 12,77 % бастап), кредиттеу мерзімі – 20 жыл.
Банк пен «Капстройгрупп» компаниясының ынтымақтастығы бірегей болып табылады, себебі, тараптар үлестік қатысу шарттары бойынша тұрғын үйді сатып алуға кредит беру механизмін іске қосты. Осылайша, БТА Банкі – бүгінгі күні, екіншілік және біріншілік баспананы сатып алудың стандартты шарттарымен кредит беретін еліміздің жалғыз қаржылық институты.
«Капстройгрупп» ЖШС үлескерлердің қаражаттарын тартуға лицензиясы бар, реттеушінің барлық талаптарын орындайды.
БТА Банкінде тиімді шарттармен ипотекалық кредиттеу бағдарламалары жұмыс істейді (төменгі сыйақы ставкасы, бастапқы жарнасыз кредиттеу мүмкіндігі). Соның ішінде, Банк қолданыстағы серіктестік бағдарламалары аясында «Apple Town» және «Эдельвейс» ТК-нің пәтерлерін сатып алатын заемшыларға кредит береді. Сонымен қатар, Банк 2 % дейінгі жеңілдікпен меншікті бағдарлама және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бағдарламасы аясында басқа банктерден алған ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруды ұсынады.
БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 312 24 26, 312-43-22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz