Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«БТА Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ОРТАҚ МӘЛІМДЕМЕСІ
06.04.2012Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) 2012 жылғы 3 сәуірде өткен 2011 жылғы Банктің қаржылық қызметінің нәтижелеріне арналған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ баспасөз-конференциясының нәтижелері бойынша және «БТА Банкі» АҚ жағдайына қатысты пікір айтылған, мағыналары әртүрлі бағалауды тудырған материалдар жарияланды.
Осыған байланысты, «БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы 5 сәуірде баспасөз-конференциясында осы мәселе бойынша өзінің пікірін журналистерге хабарлаған.
Қазақстандық банк жүйесінің тұрақты дамуы үшін қаржылық институттардың маңыздылығын ескеріп, «БТА Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өз бағыттарын түсіндірген, ортақ келіссөздер жүргізді.
Банктердің басшылары нарықтың барлық қатысушыларының қызметіне құрметпен қарап, Қазақстанның банк жүйесін нығайтуға бағытталған кез келген әрекеттерін қолдайды және әділ бәсекелестік пен корпоративтік этика нормаларын ұстанатындығын растайды.
«БТА Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ осы мәселені реттеген соң, аталмыш келісім республиканың қаржылық жүйесін одан әрі тұрақты дамытуға игі әсер етеді деген шешімге келді.
«БТА Банкі» АҚ Баспасөз қызметі: |
«Қазақстан Халық Банкі» |