Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Алматы қ. Мамандандырылған қаржы соты БТА Банкінің қайта құрылымдауын бастау туралы шешім қабылдады
10.05.2012Алматы, 2012 жылғы 10 мамыр – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») 2012 жылғы 8 мамырда Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотының (әрі қарай – «Сот») Банкпен ағымдағы жылдың 2 мамырында ұсынылған қаржылық берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішін қанағаттандырғанын хабарлайды.
Соттың қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі заңды күшіне енді, сәйкесінше, БТА Банкі Қазақстан Республикасының аумағында қайта құрылымдау процесінің аясында заңды қорғауға ие болды.
Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов осы жағдайды былай деп мәлімдеді: «Біз бүгінгі Соттың шешіміне қуаныштымыз. Бұл Банкпен бастама жасалған қайта құрылымдау процесінің заңдылығын растайды және бізге жемісті нәтижеге қол жеткізуге жоғары дәрежеде сенімділік береді. Келесі кезең Банкпен бизнес-жоспардың әзірлеуін аяқтаумен қатар, Кредиторлар комитетінің кеңесшілерімен Банктің қаржылық жағдайын кешенді бағалауды аяқтау (due diligence) болып табылады. Банк және өзінің кеңесшілерімен Кредиторлар Комитеті маусымда барлық мүдделі тараптарға қатысты әділ болып табылатын және Банктің ұзақ мерзімді келешекте тиімді дамуын қамтамасыз ететін қайта құрылымдаудың коммерциялық шарттары бойынша келіссөздерді бастайды».
БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz