Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Құрметті клиенттер!
26.06.2012Енді Сіздер Банктің SMS-банкинг қызметіне дербес жазыла аласыздар!
Ол үшін Сіз Интернет-банкинг жүйесінің тіркелген пайдаланушысы болуыңыз қажет және БТА Банкінен SMS-банкингке қарапайым жазылу процедурасынан өтуіңіз керек.
SMS-банкингтің көмегімен:
- төлем карточкалары бойынша операциялар туралы SMS-хабарламаларды алуға (нотификациялау қызметтері: жалақының түсуі, қолма-қол ақшаның алынуы, тауарлар мен қызметтердің төленуі, ақшаның аударылуы)
- 5111 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы өз сұрауыңыз бойынша ақпарат алуға (депозиттегі және ағымдағы шоттағы ақша қалдығы, кредит бойынша берешек, ағымдағы валюта бағамдары, БТА Банкінің банкоматтары мен бөлімшелерінің мекенжайлары)
- байланыс қызметтерін төлеуге: Beeline, Kcell, Activ, Dalacom, Pathword, City, Tele2, «Қазақтелеком»
- карточканы шұғыл түрде шектеуге
- карточкадағы авторизацияланған лимитті арттыруға болады.
Тарифтер
Егер сіз нотификациялау қызметін қосатын болсаңыз (карточка бойынша барлық транзакциялар туралы ақпаратты алу), SMS-банкингті пайдаланғаны үшін ай сайынғы абоненттік төлем 250 теңгені құрайды.