Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
MasterCard/Maestro карточкаларын ұстаушылар арасында Диснейлендте болу мүмкіндігімен Парижге жолдама ұтысқа түседі
13.08.2012Құрметті клиенттер!
БТА Банкі және MasterCard халықаралық төлем жүйесі « Балаларыңызға Миккимен бірге Disneyland Paris есігін ашу арманын сыйлаңыз!» бірлескен акциясын өткізеді. Акция жеңімпазы әйгілі Диснейлендте болу мүмкіндігімен Парижге 3 күндік жолдаманы ұтып алады. Жолдама екі ересек адамға және екі балаға (12 жасқа дейінгі) жарамды және оған ұшып бару-келу, визаны ресімдеу және отельде тұру ақысы кіреді. Ұтыстың ұтылмас бөлігі балаларға тиесілі – оларға Микки Мауспен бірге Диснейленд паркіне кіру мүмкіндігі ұсынылады.
Акция қатысушысы БТА Банкі шығарған кез келген MasterCard/Maestro төлем карточкасының ұстаушысы бола алады. Ол үшін картамен 1 000 теңгеден (немесе осы соманың валютадағы баламасы) астам сомаға тауарды немесе қызметті төлеу қажет. Ондай төлемдердің саны неғұрлым көп болған сайын, жолдама ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары, өйткені, әрбір транзакция ұтысқа қатысады. Ұтысқа 2012 жылдың 19 тамызына дейін (қоса алғанда) Қазақстан аумағында және шетелде орналасқан кез келген сауда орнындағы POS-терминал арқылы, сонымен қатар Интернет (электронды коммерция) арқылы жүргізілген төлемдер қатысады. Акция жеңімпазын кездейсоқ іріктеу әдісі арқылы компьютер анықтайды.