Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Назар аударыңыз: «Сіздің CREDO» акциясы!
21.11.2012Құрметті клиенттер!
Мерекелер қарсаңында БТА Банкі «Сіздің CREDO» акциясын өткізетіндігі жайлы хабарлайды.
Егер Сіз жалақыңызды БТА карточкасына алатын болсаңыз, 2012 жылғы 20 қарашадан бастап 2013 жылғы 20 ақпан аралығында «Сіздің CREDO» акциясына қатысыңыз. Осы аралықта сыйақы ставкасы 0,01% басталатын CREDO кредиттік картасын ресімдесеңіз, өзіңізге ұнаған заттарды шектеусіз сатып алып, мереке күндерін уайымсыз өткізіп қана қоймай, 10 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі көптеген ақшалай жүлделердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне қол жеткізесіз!
CREDO картасын әлі ресімдемесеңіз, онда дәл қазір кірісіңіз! CREDO картасымен кез келген тауарларды және қызметтерді төлеуге, сонымен қатар банкоматтан қолма-қол ақшаны алуға болады.
CREDO картасының артықшылықтары:
- сыйақы ставкасы – 0,01% басталады
- алғашқы жылы қызмет көрсету – тегін
- қолма-қол ақшаны алу үшін комиссия – 3% басталады
- өтінім беру үшін құжаттардың аз жинағы (жеке куәлік, СТТН)
- ыңғайлы өтеу сұлбалары (клиенттің таңдауы бойынша)
- пайыз пайдаланылған кредиттік лимитке ғана есептеледі
- жаңғыртылатын кредиттік лимит (лимит ай сайын жалақы карточкасынан ақша аудару арқылы толықтырылады, нәтижесінде лимиттің барлық сомасы қайтадан қолжетімді болады)
CREDO кредиттік карталарына қызмет көрсету шарттары
Кредиттік лимиттің ең көп мөлшері | 2 000 000 теңге | |||
Кредиттік лимиттің мерзімі | 36 айға дейін | |||
Берешекті ай сайын өтеу тәртібі | №1 өтеу сұлбасы 100% | №2 өтеу сұлбасы 10% | №3 өтеу сұлбасы 20% | №4 өтеу сұлбасы кредиттік лимит сомасының 6%, белгіленген төлем |
Сыйақының базалық ставкасы * | 0,01% | 25% | 21% | 26% |
«ҰларҮміт» ЖЗҚ салымшыларына және оң кредиттік тарихқа ие клиенттерге арналған сыйақы ставкасы | 0,01% | 23% | 19% | 24% |
Мерзімінен бұрын өтеу | кез келген уақытта, толық не ішінара, айыппұлсыз |
* сыйақының жылдық тиімді ставкасы – 0,01% басталады; банкоматтардан қолма-қол ақша алған жағдайда, қолма-қол ақша алу үшін комиссия СЖТС есептеу кезінде есепке алынбайды
Кредитті өтеу мысалы
CREDO картасының кредиттік лимиті 100 000 теңгені құрайды. Клиент оның 50 000 теңгесін жаратты делік (ағымдағы берешек). Бұл орайда ақшаны алған күннен бастап 50 күннің ішінде келесі мөлшердегі берешекті өтеу қажет:
Өтеу сұлбасы | №1, берешектің 100% | №2, берешектің 10% | №3, берешектің 20% | №4, төлемнің белгіленген сомасы әр ай сайын лимиттің 6 % тең |
---|---|---|---|---|
Төлем, теңге | 51 500 | 5 236 | 10 444 | 6 000 |
Өтеу сұлбасын клиенттің өзі таңдайды. Бұл ретте пайыз пайдаланылған лимит сомасына ғана есептеледі.