Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкі проблемалық активтерді басқару бойынша Еншілес ұйым құрады
23.11.2012Алматы, 2012 жылғы 23 қараша – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай-«Банк») Директорлар Кеңесі Банктің несие портфеліндегі күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға арналған Еншілес ұйым (әрі қарай-Еншілес ұйым) құру туралы шешім қабылдады.
Еншілес ұйым құру туралы шешім Банктің шетел юрисдикциясы мен Қазақстанда орналасқан және Банктік активтеріне қатысты бұрынғы басшылықтың заңсыз әрекеттерімен байланысты проблемалық активтермен жұмыс тиімділігін күшейту мақсатында қабылданды.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Банктің Директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы М. Әблязов пен онымен байланысты тұлғалар Қазақстан, Ресей және басқа елдердің құқық қорғау органдарымен аффилиирленген компанияларға орны толмайтын заемдарды әдейі беру арқылы жүзеге асырылған Банк пен оның Еншілес ұйымдарынан қомақты ұрлау бойынша айыпталып отыр.
Проблемалық активтерді Еншілес ұйымның басқаруына нақты тапсыру Банкті қайта қаржыландыру аяқталған, ҚР Ұлттық Банкінен тиісті рұқсат алынған және оны тіркеуден өткізуге байланысты барлық заңды процедуралар аяқталғаннан кейін жүргізіледі деп жоспарлануда.
БАҚ арналған байланыстар:
Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz