Үкімет Басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және БТА Банкінің қызметкерлеріне алғыс білдірді
14.12.2012Алматы, 2012 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Серік Ахметов 2012 жылғы 11 желтоқсанда Астанада өткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Е.Л.Бахмутоваға, «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Ж. Балапановқа және «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары А.Н.Бейсенбаевқа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс грамоталарын тапсырды.