Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкінің қайта құрылымдау процесі Британ соттарында тұрақты заңды қолдау тапты
24.12.2012Алматы, 2012 жылғы 24 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») 2012 жылғы 19 желтоқсанда Англия және Уэльстің Жоғарғы Соты, Англия және Уэльстің Жоғарғы Сотымен 2012 жылғы 11 шілдеде шығарылған мойындау туралы бұйрықты (әрі қарай – «Мойындау туралы бұйрық») тоқтату бойынша бұйрық шығарғандығын хабарлайды. Осы бұйрық және Мойындау туралы бұйрық Англияда және Уэльсте 2006 жылғы трансшекаралық төлеуге қабілетсіздік туралы ережелерде қабылданған төлеуге қабілетсіздік туралы ЮНСИТРАЛ типтік заңына сәйкес шығарылды.
Осы бұйрықтың нәтижесі Алматы қ. Мамандандырылған экономикалық соты Қайта құрылымдауды аяқтау туралы шешім шығарғаннан кейін де келесі бұйрыққа дейін Банкке немесе Англиядағы оның меншігіне қатысты қандай да бір наразылықтардың туындауына және Қайта құрылымдау жоспарының мәні болып табылатын Банк міндеттеріне қатысты қандай да бір процестердің орын алуына жол бермейтіндей Мойындау туралы бұйрықпен белгіленген тоқтатуды ұзарту болып табылады.
Банк басшылығы қазіргі күрделі кезеңде Кредиторларға олармен көрсетілген күшті қолдауларына шексіз алғысын білдіреді және Қайта құрылымдау сәтті аяқталады деп сенеді.
Осы баспасөз-релизде қолданылған және Банктің енгізілген толықтыруларымен 2012 жылғы 8 қарашадағы Ақпараттық меморандумында анықталған терминдер осы баспасөз-релизде осындай анықтамаларға сәйкес қолданылды.
БАҚ арналған байланыстар:
Тел.: +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz