Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Алматы қ. Мамандандырылған қаржы соты БТА Банкінің қайта құрылымдаудың сәтті аяқталғандығы туралы шешім шығарды
28.12.2012Алматы, 2012 жылғы 28 желтоқсан – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) бүгін Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотының (әрі қарай- Сот) Банктің 11,1 млрд. АҚШ доллар сомасындағы қаржы берешегін қайта құрылымдау процесін сәтті аяқтағандығы туралы шешім шығарғандығын хабарлайды. Сот бұл шешімді Банктің Қайта құрылымдау жоспарымен қарастырылған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруына байланысты шығарды.
Мәлім болғандай, 2012 жылғы 13 желтоқсанда Сот Қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады. Мұның алдында Қайта құрылымдау жоспары 2012 жылғы 3 желтоқсанда өткен Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 99,4% дауыс көпшілігімен (оның ішінде дауыс берген 89,5% GDR ұстаушыларының мақұлдауын қоса алғанда) және 5 желтоқсанда өткен Банк Кредиторларының жиналысында 93,8% дауыс көпшілігімен мақұлданған. Қайта құрылымдау жоспары Банкпен 2012 жылғы 24 желтоқсанда сәтті жүзеге асырылды.
Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қайта құрылымдалатын қаржы берешегі 11,1 млрд. АҚШ долларынан шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына дейін қысқартылды.
БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7 (727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz