Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
ҚДКҚ 10 млн теңгеге дейін ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік мөлшерін арттырды
06.05.2015 02:05:18
Құрметті клиенттер!
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) 5 млн бастап 10 млн теңгеге дейін ұлттық валютадағы жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік мөлшерін арттырды. Тиісті өзгерістер күшіне 2015 жылғы 27 сәуірде енген «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына енгізілді.
Аталмыш заңға сәйкес ұлттық валютадағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктің жоғары сомасы өзгерген жоқ және 5 млн. теңгені құрайды. Егер салымшы бірнеше депозиттерге немесе шоттарға ие болса, соның ішінде шетел валютасында, мемлекеттік кепілдік осы барлық салымдарға қолданылады, бірақ бір банктегі бір салымшыға есептелген 10 млн теңгеден артық емес.
Мемлекетпен ұлттық және шетел валютасында жеке тұлғалардың депозиттеріне, сондай-ақ ағымдағы шоттардағы қаражаттарға (карточкалық шоттарды қоса алғанда) кепілдік беріледі. Депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары ислам банкінен басқа, шетел банктерінің еншілес банктерін қоса алғанда, екінші деңгейлі барлық қазақстандық банктер болып табылады.
Қазақстан Республикасының депозиттерін міндетті кепілдендіру жүйесі туралы қосымша ақпаратпен ҚДКҚ сайтында - www.kdif.kz танысуға болады.