Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«БТА Банкі» АҚ барлық өзінің кредиторларына, акционерлеріне және жұртшылыққа Банктің Директорлар кеңесімен ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды
29.06.2015 17:12:11
2015 жылғы "29" маусым, Алматы - "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай - "БТА") БТА-ның Директорлар кеңесімен 2015 жылғы 25 маусымда БТА-ның ірі мәміле - БТА, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-аухат қоры» АҚ (әрі қарай - Қор), "Казкоммерцбанк" АҚ (әрі қарай - "ККБ") арасында БТА-ның Қор алдындағы борышын ККБ-ға аудару туралы мәмілені (әрі қарай - Қормен мәміле») жасау жөнінде шешім қабылданғандығын хабарлайды.
Қормен мәміле БТА үшін ірі мәміле; жасалуына БТА-ның мүддесі бар мәміле; БТА-мен ерекше қатынасы бар тұлғамен мәміле; БТА-ның аффилиирленген тұлғасымен мәміле болып табылады.
Қормен мәміле Борышты аудару туралы келісім арқылы ресімделеді, оның шарттары бойынша ККБ-ға БТА-ның Қорға қайтару бойынша міндеттемелерін қоса алғанда, БТА-ның Қор алдындағы жалпы сомасы 378 149 933 000 теңге борышты қайтару бойынша міндеттемелер аударылады:
- Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 97 000 000 000 (тоқсан жеті миллиард) теңге мөлшеріндегі салым, 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзіммен;
- Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 28 000 000 000 (жиырма сегіз миллиард) теңге мөлшеріндегі салым, 2029 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзіммен;
- Салым сомасына есептелген сыйақысымен сомасы 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңге мөлшеріндегі салым, 2029 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзіммен;
- Қарыз сомасына есептелген сыйақымен 239 771 120 000 теңге мөлшеріндегі қарыз.
БТА міндеттемелері Борышты қайтару туралы келісіммен қарастырылған кейінге қалдыру шарттары орындалған жағдайда ККБ-ға аударылады.
Қормен мәміле мәні болып табылатын жалпы борыш сомасының БТА активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы шамамен 23,42% құрайды. Мұндай пайыздық қатынас кейінге қалдыру шарттарының орындалуын ескеріп, мәмілені іске асыру нәтижелері бойынша өзгеруі мүмкін.
Тараптар 2015 жылғы 25 маусымда Борыш туралы келісімді жасады.